Page 573 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 573

Зерттеу  барысындағы  жүргізілген  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстарымыз
                     мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  көрсетілетін  әлеуметтік  –педагогикалық  көмектің  әлде  де
                     жетілдіруі тиіс бағыттарын анықтап берді [65, 124].
                            Әдістемелер   нәтижесі   көрсеткеніндей   мұндай   балалармен   әлеуметтік,
                     психологиялық, физиологиялық, логопедиялық жұмыстар жүргізіледі де, бірақ кәсіби түрде
                     нақты  әлеуметтік  педагогтардың  қызмет  көрсету  ісі  әлде  де  болса  өз  деңгейінде  жолға
                     қойылмаған.  Әлеуметтік  педагогтардың  кейбір  функцияларын  психологтар  немесе
                     әлеуметтік  жұмысшылар  атқарады.  Бұл  әрине  жеткіліксіз.  Бұл  категориядағы  балаларға
                     ғылыми тұрғыдан негізделген көмек көрсетілуі тиіс. Бейімделу орталықтарында мүмкіндігі
                     шектеулі балалардың ата-аналары үшін әлеуметтік педагог мамандарымен педагогикалық
                     лекторийлар,  кеңестік  әңгімелер  және  түрлі  практикалық  тринингтер  неғұрлым  көбірек
                     өткізіліп  отырса  науқас  балаларды  емдеу  соғұрлым  тиімдірек  болар  еді.    Әлеуметтік  -
                     педагогтардың  жұмыстың  жетіспеуіне  байланысты  орталықта  көрсетілген  мамандардың
                     жұмысы нәтижесіз болып отыр.
                            Осы  ұсынысты  жүзеге  асыруда  қажетті  әлеуметтік  –педагогтың  функцияларын
                     анықтай отырып оның, кәсіби маман ретіндегі моделін жасауды қолға алдық.
                            Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  бағыттар  мен
                     жүйелердің пайда болу себептері.
                            Отандық және шет елдік ғылыми зерттеулер нәтижелері дамуындағы ауытқуларды
                     ерте анықтау мен ерте кешенді көмек беру, алғашқы жылдарынан немесе тіпті сәби өмірінің
                     алғашқы айларынан бастап, оның дамуында кейінгі ауытқулардың пайда болуының алдын
                     алуға  көмектеседі;  бар  кемшіліктерді  түзетуге,  балалардағы  әлеуметтік  жетіспеушілік
                     дәрежесін төмендетуге, жалпы дамуында жоғарғы деңгейге жетуіне, кейіннен білім алуына
                     және қоғамға сәтті қатысуына көмектеседі [66, 64].
                            Демографтар мен әлеуметтану қызметкелері қазіргі өмірде азап шегетін жанұя деп
                     есептейді. Қалыптасқан адамгершілік пен этикалық нормалар, жанұя дәстүрлері әлсізденеді.
                     Жеткіліксіз  экономикалық  қорғау  салдарынан  жанұядағы  қарым-қатынас  бұзылады.  Бұл
                     жанұядағы тәрбиелік потенциалын төмендетеді, ал егерде проблемалы бала туса оның ролі
                     баланың реабилитациясы мен әлеуметтенуінде азаяды. Жанұядағы жағымсыз балалар мен
                     жасөспірімдер арасындағы эмоциялық ауытқулардың  және бұзы-лыстардың өсу санының
                     себебі болады.

                            Қорытынды
                            Зерттеу  барысында Арқалық қаласындағы бейімделу орталығы және Арқалық түзеу
                     мектебімен  мүмкіндігі  шектеулі  баламен  жұмыс  жасадық.  Теориялық  талдау  барысында
                     қоғамға әлеуметтену тұлғаның маңызы қажеттіліктермен тығыз байланыста болатындығы
                     анықталды,. Әлеуметтену процесі тоқтаусыз процесс және өзектендірілген қажеттіліктермен
                     қанағаттанулармен  сәйкес  болады.  Мүмкіндігі  шектеулі  баланың  әлеуметтену  нәтижелігі
                     индивидтің  қабілеттілігімен,  арақатынастың  орнатылуымен,  қоршаған  ортада  нәтижелі
                     әрекетімен және рөлдерді қабылдауымен көрінеді.
                            Сонымен, Әлеуметтену дегеніміз – қарым-қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына
                     жете білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын,өзінің қажеттілігі мен
                     қызығушылықтарын  қоғам  талаптарына  сәйкес  шектей  беретін  тұлғаны  тәрбиелеу  деген
                     қортыдыға келдім.Әлеуметтік бейімделудің мақсаты –басқа субьекттілермен қарым-қатынас
                     жасаған  кезде  өмірлік  іс-әрекетінің  нәтижелі  ұқсастығын  іздеу  екендігіне  зерттеу
                     нәтижесінде көзім жетті.
                            Мүмкіндігі  шектеулі  мүгедек  балалардың  қоғамда  әлеуметтік  –  психологиялық
                     бейімделуін эксперементалды зерттеуден алынған нәтижелер келесідей қортындыға әкелді.
                            Карл Роджерс пен Розалин Даймондтың әлеуметтік  – психологиялық бейімделуге
                     арналған  диагностикалық  әдістемесінің  нәтижелеріне  келетін  болсақ  зерттелінушілерде
                     бейімделудің жоғары көрсеткіш өте төмен болып шықты. Осындай төмен нәтиженің болу
                     себебі, сынаушылардың өзге адамдарды қабылдауды төмен болғаны, өзіндік қабылдауының
                     төмендігі,  эмоционалдық  жайлылықтың  нашар  болуы  және  басымдылыққа  ұмтылуының
                     болмауымен көрсетіледі. Дамыту бағдарламасынан кейін және қайта диагностика жүргізу
                     нәтижесінде  аталған  әдістеменің  көрсеткіштері  мен    қатысушылардың  бейімделу  деңгейі
                     айтарлықтай жоғарлады [100, 97].
                            Келесі  «өзін  –өзі  бағалауға  арналған  графикалық»  тестісін  өткізгеннен  кейін,
                     бастапқы  нәтиже  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың    әлеуметтік  –  психологиялық
                     бейімделуінің  көрсеткішінің  нашар  болуын  көрсетті.  Нәтиженің  төмен  болу  себебі,
                     сыналушылардың дезадаптациясының бұзылуы, жүріс-тұрыс регуляциясы, коммуникативті





                                                           537
   568   569   570   571   572   573   574   575   576   577   578