Page 570 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 570

Жеке  тұлғаның  әлеметтенуі  –  адам  индивидтің  оған  қоғамның  толық  құқықты
                     мүшесі ретінде қызмет атқаруға мүмкіндік беретін белгілі бір білім,нормалар, құндылықтар
                     жүйесін меңгеру поцесі.
                            Әлеуметтік     бейімделудің    теориялық      жақтары     А.А.Налчаджян,
                     И.А.Милославованың, Д.А.Андрееваның зерттеулерінде қарапайым бейімделу  үдерісі  көп
                     жағдайда  ортаның  белсенді  реттеуші    жағдайында  сипатталады.  Әлеуметтік  бейімделу
                     үдерісінің басты идеясы-жеке тұлғаның жаңа әлеуметтік ортамен формалды және формалды
                     емес  әлеуметтік  қатынас  барысында  ондағы  қалыптасқан  нормалар  мен  құндылықтар
                     жүйесін қабылдауы.
                            «Арнайы педагогика және психология негіздерінің»негізгі бағыттары болып келесі
                     саналады:
                            1.  Әр  түрлі  кемістігі  бар  балалардың  физикалық,  психикалық  дамуындағы
                     ерекшеліктері  мен  заңдылықтарын  педагогикалық,  психологиялық,  физиологиялық,
                     клиникалық тұрғыдан жан-жақты тереңірек зерттеу саналады.
                            Зерттеу  үшін  кемістіктің  құрылымын,  баланың  коррекциялық-компенсаторлық
                     мүмкіншіліктерін анықтау, кемтар балаларды тіркеу, анықтау, оқыту, тәрбиелеу мәселелері
                     қарастырылады.
                            2.  Кемтар  балалар  үшін  арнайы  мекемелердің  даму  сатысын  ұйымдастыру
                     принциптерін өңдеу және негіздеу.
                            Дефектология  –  кемтар  балаларға  ертерек,  дер  кезінде  тәрбиелеу  және  оқыту
                     мәселелерін тәжірибелік тұрғыда шешіп, ғылыми өңдейді.
                            Кемтар  балалардың  кемшіліктерін  компенсациялау  және  коррекциялау,  баланың
                     кемістігін ертерек анықтап, арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесін жүргізу жағдайында іске
                     асырылады.
                            3.Кемтар балаларға арналған мекемелерде оқыту-тәрбиелеу процестерінің әдістері
                     мен мазмұнын, міндеттері мен мақсаттарын анықтау. Арнайы дефектологиялық жүйе – әрбір
                     арнайы  мектептерде  оқытудың  белгілі  бір  принциптерін,  оқу  процесінің  формаларын
                     ұйымдастырып, әр балаға қажет оқыту құралдары мен әдістерді қарастырады.
                            Мектептерде    пәндерді  оқыту  үшін,  арнайы  оқулықтар,  әдістемелер,  техникалық
                     құралдар сәйкес болуы қажет. Педагогикалық құралдар негізгі коррекциялық роль атқарады,
                     кемтар  балалардың  дуние  танымдарын  жоғарылатады,  дефектілі  (мүкіс)  кеміс
                     анализаторларының қалған қызметтерін жасайды.
                            4. Балалардың кемістігін алдын-алу ескерту үшін профилактикалық шаралар жүйесін
                     дайындайды.
                            Профилактика  (алдын  ала  сақтандыру)    қамтамасыз  етіледі,  тұрғындардың
                     тұрмыстық, еңбек жағдайын сауықтандыру, жоғары маман медициналық қызмет көрсету,
                     аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау жұмыстары жүргізіледі.
                            Профилактикалық  (алдын  ала  сақтандыру)  шаралар  жүргізу  үшін,  балалар
                     дефектологиясында санитарлық ағарту және тәрбиелеу жұмыстары маңызды орын алады,
                     тұргындар  арасында  дефектологиялық  білімнің  қажеттілігі  туралы  үгіт-насихат  жүргізу
                     қарастырылады.
                            5.  Дамудың  әрбір  сатысында  кемтар  балалар  үшін  әлеуметтік  процестердің
                     тиімділігін жоғарлату.
                            «Арнайы  педагогика  және  арнайы  психология  негіздері»  өмірдегі  күрделі
                     мәселелерді  зерттейді.  Кемтар  балаларды  дамыту,  оқыту,  тәрбиелеу  жан-жақты  бағытта
                     жүргізу,  олардың  психологиялық  ерекшеліктерін  білу  –  арнайы  педагогика  және  арнайы
                     психология негіздерінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік түғызады.
                            «Коррекциялық  (түзету) педагогика» термині жалпы танымды болып саналмайды
                     және шетел мамандары арасында кең қолданбайды.
                             90  жылдардан  бастап  «коррекциялық  (түзету)  педагогика»  термині  жалпы
                     педагогикада  білім  беретін  мекемелерде  қалыпты  балалар  мен  жеткіншектерге
                     педагогикалық  көмек  аумағын  белгілеу  мақсатында  қолданылады,  ол  оқушылардың
                     мектепке бейімделе алмау синдромын алуға бағытталған.
                            Құқықтық  және  әлеуметтік  қорғау  аумағында  жалпы  қабылданған  термин  болып
                     «мүгедек» саналады. «Мүгедек» термині  медициналық диагнозынан  (өзіне-өзі  қызмет ете
                     алмау) басқа өзіне жағымсыз әлеуметтік мәнді кіргізеді. Шетелде «мүгедек» термині терең,
                     күрделі физикалық бұзылыстары бар адамдарға қолданылады.
                            Кейінгі кезде отандық құқықтық құжаттарда денсаулық мүмкіншілігі шектелгендер,
                     кемтарлар,  өмір  сүру  (тіршілік)  іс-әрекеттерінің  мүмкіншілігі  шектелгендер  термині
                     кездеседі.





                                                           534
   565   566   567   568   569   570   571   572   573   574   575