Page 136 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 136
қазыналардың бойында көмкерілген десек, артық айтпағанымыз болар. Ең ғажабы, қанша
ғасыр өтсе де бояуын бұзбай, бәз қалпын сақтап келген бұйымдардың, бейнелеу өнерінің
тамаша туындыларының талғамы тым жоғары.
Қазақтың бейнелеу өнері бертінгі заманда да айтарлықтай дамып келеді. ХХ ғасыр
халқымыздың маңдайына Ә.Қастеев секілді қайталанбас қылқалам шеберін берді. Бүтіндей
бір ұрпақ Ә.Қастеевке еліктеп, қолына қылқалам ұстады [Жолдасбеков, М.,(2019),12 б.].
Бейнелеу өнерінің қазіргі заман өнерлерінің жүйесіндегі рөлі айтарлықтай артты.
Бейнелеу өнері бірте - бірте біздің өмірімізге еніп, оның бөлінбес бөлігіне айналуда. Бейнелеу
өнерінің дамуының бұл арақатынасы түрліше көрініс табады. Бейнелеу өнері адамға оның
тұрмысын әсем қылу үшін қызмет көрсетуге арналған. Әрбір адам тек қана тұтынушы ретінде
ғана емес, кей жерлерде жасаушы ретінде де әрекет етеді, ол материалдық мүмкіншіліктері
бойынша өз тұрмысының заттарын таңдайды. Мұндай жағдайда талғам жағдайы адамның
заттық әлемін құрудағы белсенді шығармашылық бастау болып келеді, ал адам өз кезегінде
оны қалыптастырады.
Қазақстан бейнелеу өнері - болашақ тұлғалардың көркем шығармамен өз бетінше жұмыс
істеуіне, талдау жасауына және оған баға беруге, эстетикалық, рухани, мәдени,
дүниетанымдық деңгейлерін арттыруға мүмкіндік туғызатын пән. Бүгінгі күні аса маңызды
міндет жастарға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Осы
міндетті шешуде мұғалім маңызды жұмыс атқарады. Сондықтан мұғалімдер педагогикалық
қызметінде жастардың әсемдік сезімін, жоғары эстетикалық талғамын дамыту, өнер
шығармаларымен, тарих пен архитектура ескерткіштерімен, туған елдің табиғатының
сұлулығы мен байлығын түсіндіріп, оларды мәдени құндылық ретінде бағалай білу қасиетін
қалыптастыру қажет. Әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар бейнелеу өнерінің
эстетикалық мүмкіндіктерін жақсы пайдалану қажет [Ералин, Қ. Айменов, Ж. ( 2009), 162-
164 б.].
Бейнелеу өнерін қабылдау заттық әлемнің басты бағдарына айналады және оларға
дұрыс ыңғайды жасап шығаруға көмектеседі. Өмірмен байланыс оларды тәрбиенің қуатты
құралына айналдырады, оның негізін барлық әсерлер әлі күшті әрі өмірде із қалдыратын ерте
бала кезден салу қажет. Педагог - суретшілер мектепте жұмыс істей отырып, осыған
басымдық жасауы керек.
Адамның шынайылыққа және өнерге эстетикалық қатынасы эстетикалық
қабылдаудан басталады және оларсыз ол қалыптаса алмайды. Шығармашылық тұлғаны
табысты тәрбиелеу үшін дамытудың маңыздылығы туралы тұжырымнан шыға келе, біз кез
келген емес, нақты эстеикалық әрекеттің ықпалын қарастыру қажет деп есептейміз.
Эстетикалық тәрбие беру дегеніміз - адамның шынайылыққа белгілі бір эстетикалық
қатынастын қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие үрдісінде тұлғаның эстетикалық
құндылықтар әлемінде олардың белгілі бір нақты қоғамдағы қалыптасқан сипаты туралы
түсініктерге сәйкес бағыттылығы, бұл құндылықтарды игерумен қалыптасады. Эстеикалық
тәрбиемен бір уақытта адамның эстеикалық қабылдау мен сезіну қабілеті, эстетикалық
талғамы мен мақсаты, сұлулық заңдары бойынша шығармашылыққа, өнерде және одан тыс -
еңбек қызметі саласында, тұрмыста, әрекеттер мен тәртібінде эстетикалық құндылықтар
жасауға деген қабілеті қалыптасып дамиды. Нәтижесінде, эстетикалық тәрбие қарама -
қайшылықтар бірлігін құрайтын екі негізгі қызметке ие - тұлғаның эстетикалық -
шығармашылық әлеуеттерін дамытудағы эстетикалық құндылықты бағдарын қалыптастыру.
Бұл қызметтер эстетикалық тәрбиенің қоғамдық өмірдегі орнын, оның тәрбие қызметінің
басқа түрлерімен байланысын анықтайды.
Сонымен, көркемдік тәрбие - өнерге деген қажеттілікті тәрбиелеу, оны сезіну мен
түсінуді, көркемдік шығармашылыққа қабілеттілікті дамыту - тұтастай эстетикалық
тәрбиенің бөлінбес бөлігін құрайды [Төкенова Қапиза Төкенқызы,(2018), 41 б.].
Эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды қалыптастырудағы аса маңызды рөлді
бейнелеу өнері атқарады. Бұл көрінетін әлемнің көрнекі және сезінетін бейнесін кеңістікте
немесе көзбен көруге болатын жазықтықта жасайтын өнер. Бейнелеу өнері әдебиет пен
музыкамен салыстырғанда, уақыт пен дыбыспен емес, жазықтық пен кеңістікті пайдаланатын
өнер түрлерін біріктіреді. Бейнелеу өнерінің туындылары қозғалыссыз, статикалық, өзінің
арсеналында уақыт ішінде дамудың көркемдік құралдары жоқ, бірақ көру образдары арқылы
шынайы өмірдің пластикалық және түстік байлығын аша келе, ұзақтығы бойынша
шектелмеген қабылдау мүмкіндігіне ие.
Күрделі эстетикалық және этикалық, тәрбиелік қызметтерді атқара келе, бейнелеу
өнері адам жанынан үндеу табуға және бұл жанды тек қана «тура мәтінмен» ғана емес, терең
ақындық астармен қалыптастыру қабілетіне ие. Бұл астарға бейне мен ол туралы түсініктер
100

