Page 137 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 137
арасындағы бірлестіктер тізбегі, халық жадында және жеке адамның дербес психологиялық
тәжірибесінде сақталатын мүдделер, күйзелістер, үміттер, әсемдік пен ұсқынсыздық туралы
түсініктердің кең жиынтығы кіреді.
Бейнелеу өнерінің аса маңызды міндеті мен шынайы мүмкіндігі адамға болмыс
философиясын түсінуге, табиғаттағы әлеуеттер қалай жүзеге асырылатынын, қандай
жетіспеушіліктер мен қарама - қайшылықтар біздің алға қарай қозғалуымызға кедергі
болатындығын ұғынуға көмектесуде. Ол үшін адамның көркемдік талғамы қалыптасуы
қажет.
Бейнелеу өнерімен айналысқан адам тек суретшіліктің практикалық дағдыларын
меңгеріп, өзінің шығармашылық ой -қиялын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге
оның ой өрісі кеңейіп, эстетикалық талғамы да баи түседі. Сөйтіп, үйреншікті көзге таныс
нәрселерден сұлулықты көре білу мен таба білу қабілетіне ие болады. Жас суретшінің қиялы
толысып, суреткерлік көзбен талдап - зерделеуге, көрген - білгенін жинақтауға үйренеді, яғни
зердесі күшейеді.
Ибн - Сина ойлау, эстетикалық және адамгершілік - тәрбиені бірлікте жүзеге асыруға
шақырады дей отырып, жеткіншекке өнерді түсініп, оған ләззаттану қабілетін жетілдіру
қажеттілігі туралы айтқан. Зарнуджи, ғылымдарды зерттеуге деген саналы ықыластың
қажеттілігін, өздігімен алынған білімнің басымдығын мойындатқан. [Демеуов А.К. (2014),
264-267 б.].
Мектепте білім беруге қатысты көптеген мемлекеттік бағдарламаларда оқу - тәрбие
үрдісінің сапасын арттыру міндеті нақтыланып, осыған байланысты оқушыларға көркемдік
талғамын қалыптастырумен эстетикалық тәрбие беруді жақсарту мәселесі жіті қадағалануда
[Жарықбаев Қ., Қалиев С.,( 1995),352 б.].
Заманауи әлемде адамның бағыты, төңірегіндегілерге қатынасы өте маңызды, себебі,
педагогика ғылымы алдыңғы қатарға тұлғаның белсенділік қасиетін қалыптастыруды қояды.
Бұл қасиет адамды қоршаған әлемге немқұрайлы қараудан гөрі, бүгінгі қоғамның талаптарын
барынша толық қанағаттандыратын тұлғаға айналдырады.
В.А.Сухомлинскийдің сұлулықпен тәрбиелеуді адамгершілік пен және зияткерлікпен
ынтымақтастықта қарастырғандығында, ол «сұлулық туындыларын адам олардың арқасында
өзін жақсы болдыратын күштердің қайнар көзі» деп атайтын [Якобсон П.М.,(2021), 964. - 86
б.]
Ерте жастан балаларды өнерге баулу арқылы – болашақта жан - жақты тұлға
дайындайтынымыз анық. Сондықтан, бейнелеу сабағында біліктілік дағдыларын меңгерте
отыра, бірнеше қағиданы естен шығармағанымыз абзал:
-Ең алдымен оқу бағдарламасынан ауытқымай, балаларға тапсырма жас мөлшеріне
сай берілуі тиіс;
-Кесікін, бейне, жалпы орындалатын тапсырма толық түсіндіріліп, теория жүзінде
шағын ақпарат берілгені жөн;
-Қызығушылықты бәсеңдетіп алмау;
-Өз – ара бәсекелестіктен аулақ болу;
-Сын – пікірді оқушының шымбайына тигізіп алмай ескерту;
-Әділ бағалау;
-Қосымша көмек қажет болған жағдайда, бірлесіп әрекетке бару;
-Құрал – жабдықтардың дұрыс әкелуін қадағалау;
-Әр баланың жеке талғамын ескеріп, пікірімен санасу;
- Жарыстарға жиі қатыстыру.
Бұл әрине педагогикалық үрдістің күнделікті орындалуы тиіс әрекеттері. Жалпы
білім беретін мектептерде бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие мен білім беру
барысында ұстаздың ұшқырлығы мен жеке тәжірибесі үлкен рөл атқарады. Олай дейтін
себебіміз, әр мұғалім өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқара отыра, ізгі шәкірт қатарын
арттыра алады. Алайда, өзінің бойындағы өнердің дәл көшірмесін оқушылардан талап етпеу
керек. Мектеп оқушыларының жас ерекшелігін естен шығармаған абзал. Көбіне ұстаздардың
жіберетін қателігі, мінсіз бейне мен бұлжытпай орындалған тапсырма нәтижесін күтуі.
Әрине, бұл барлық баланың қолынан бірден келмейтіні анық. Ал, бойында қызығушылық
пен қабілеті бар оқушылар ұстаздың жақсы ықпалы арқасында жоғары талант иесі болып
шығуы мүмкін.
Көркемдік талғам психикалық құрылым ретінде көркемдік - эстетикалық сананың
интеллектуалды және эмоционалды элементтерінің ажырамас бірлігі болып
табылатындықтан, ақпараттық мәліметтер беру үрдісінде психиканың интеллектуалды,
101

