Page 138 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 138
эмоционалды және еріктік санасына ықпал ету мүмкіншіліктерін есепке алу қажет. Кәсіби
көркемдік талғамның құрылымындағы эмоционалды құрамдаушы ерекше педагогикалық
күш салуларды талап етіп, қалыптастыруға назар беріледі, себебі, туа біткен көркемдік -
эстетикалық нышандармен, яғни, қабылдаумен, сенсорлық сезімталдықпен, жадымен және
өзге де байланысты, сондай - ақ барынша жеке дараланған.
Өнерге бейімдеу арқыры қазақ мектебінің беделін көтеру керек. Ең бастысы рухани
жылылық. Егер бұған қол жеткізбесек, онда біз өзімізді тәрбиелер едік. Кімнің кім екенін біле
бастаймыз. Сол кезде балалар да икемге келеді. Мүмкіндіктің бәрі өз қолымызда
[ Әбдуалиева А., (2014), 304 б.].
Бейнелеу шығармашылығындағы көркемдік талғамды қалыптастыру бейнелеу
өнерінің тіліне үйрету мен кең эстетикалық тәрбиенің бірлігін көздейді. Бейнелеу өнеріндегі
шығармашылық әрекет көркемдік - ағартушылық жұмыспен және өнермен жүйелі түрде
қатынасумен үйлесімде ғана жемісті болатыны анықталды.
Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие
беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның
басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, қазіргі мектептің құрылымы мен
білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу - тәрбие үрдісін жетілдіруге жаңа
талаптар қояды.
Осы тұста инновациялық технологияларды сабақ барысында қолданудың
артықшылықтары туралы айтып кеткім келеді. Бейнелеу өнері сабағында көрнекілік ретінде
түрлі тың технологияларды пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру
арқылы, әсемдікті одан әрі терең түсінуге негіз болып, эстетикалық тәрбиені жан – жақты
жеткізе аламыз. Әрине, жаңашылдық қай кезде де өзінің оңтайлы шешімдерін ұсынып,
адамзат қоғамына едәуір көмек қолын созуда. Ал, бұл мүмкіншілікті біз білім беру
барысында тиімді пайдалану арқылы оқудың жоғары жетістігіне қол жеткізбекпіз. Бұл ең
алдымен уақыт регламенті бойынша оқушылардың еңбекке етене араласуына түрткі болып,
көбірек шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, бірізді әдіс
– тәсіл емес, сабақтың сан алуан болуы олардың қиялын дамытып, сабаққа деген
сүйіспеншіліктерін арттыратыны сөзсіз.
Әрине, әр педагогтің өзіне тән жүйесі, жұмыс құрылымы бар. Арнайы бекітілген
стандарт негізінде өз ойын, әдісін сабақ беру барысына жұмылдырып, болашағынан үлкен
үміт күттіретін,шәкірт тәрбиелеуге бар ынтасымен кіріскен жандар, расымен нәтижені өз
шеберлігі арқылы байқата алады.
Бейнелеу өнері кез - келген қоршаған ортаға зер салып, бұрын аңғармаған сұлулықты
сезінуге мүмкіндік береді. Бұл үрдісті оқушылардың да сезінуіне жағдай жасау ұстаздың
басты міндеті. Мәселен, аулада жайқалып өсіп тұрған гүлдің жанынан күнде серуендеп
өткенде көпшілігі аса зер салып қарай қоймайды. Дәл солай бізді қоршаған әлемнің әр
детальдарына мән беріп, ерекше ықылас қоятын жандар сирек. Ал, мұғалімнің тапсырмасы
арқылы сол күнде өзі көріп жүрген гүлдің суретін ақ қағаз бетіне өрнектеген сәтте, баланың
бойында қоршаған ортаға деген қамқорлық, сүйіспеншілік, жан – жағын бақылау тәрізді
дағдылар қалыптаса бастайды. Ол бұрыңғыдай жайқалған гүлдердің жанынан жай өтіп
кетпейді, оның түсіне, мөлшеріне, ерекшелігіне ден қоя бастайды. Ретсіз орналасса көңілі
түсіп, жабырқауы мүмкін. Ал, бірден өзіне баурап алып, эстетикалық талғаммен әдемі өскен
гүлдерге құштары одан әрі арта түседі. Осылайша ол, түстердің үйлесәмділігі, эстетиканың
маңыздылығы, оған мейіріммен назар аудару қажеттігін автоматты түрде игере береді. Бұл
бір ғана мысал. Дәл осы сипатта кез – келген дүниеден даралықты көруге баулу, әсемдікті
сезінуге үйрету арқылы тағылымды тәрбиені де бойға сіңіре алмақпыз. Олай дейтін себебіміз,
адамның назары ауған тұста, оған бей – жай қарап кете қоймайды. Бойындағы жанашырлық
пен мейірімділік сезімі тағылымды тәрбиеге ұласып, ол біртін - біртін дағдыға айналып, бұл
дәстүр айналасындағы адамдарға да өз әсерін тигізетіні анық. Олай болса, бейнелеу өнерінен
бастау алған бұл тәсілдің қаншалықты тамыры тереңге дейін созыланынын осы жерден - ақ
айқын аңғаруға болады.
Өнер арқылы адам сұлулық пен дөрекіліктің ара жігін айыра білді, осыдан барып адамда
эстетикалық талғам қалыптасты. Адам өнерді тудырса, өнер адамды әсемдікке, салиқалы
ойлыққа, мәдениетке жетеледі [Ералин, Қ. Бейсенбеков, Ж., Матеева, М.,( 2009), 125 б.].
Мәдениетті адам қоғамға өз зиянын тигізбеуді мақсат тұтады. Өнерге деген құрметі
шексіз жанның жақсылыққа қарай жүрегі ойысып, жаны ізгілікке толы болады. Сондықтан,
бейнелеу өнері сабағын оқушылар бойына сіңіру барысында біз мынандай мақсаттарға қол
жеткізе аламыз:
-Оқушылар әсемдікті сезінуді үйренеді;
102

