Page 135 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 135
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКЕМЕЛЕРДЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ
1
Ғылыми кеңесші: Ж.О.Небесаева
2
1 курс докторанты Г.Ж.Саттар
Аннотация
Бұл мақалада жалпы білім беретін мекемелерде бейнелеу өнері арқылы эстетикалық
тәрбие мен білім беру жайында жазылған. Бейнелеу өнері арқылы жоғары талғам
қалыптастыра отыра, эстетикалық тәрбиені дағдыға айналдыру әрбір жеткіншектің өзіндік
тұжырымдамасы мен көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететіні анық. Сол себепті
сұлулықты сезіну, айналаға зер сала мән беру, әр заттан ерекшелік көре алу тәрізді қарапайым
элементтен қаншама әсер алуға болатындығын бойға сіңіру өскелең ұрпақтың таным
көкжиегін кеңейтетіні анық.
Бейнелеу өнері - балалардың ерекше қызығып оқитын пәндерінің бірі. Олардың
ынтасын одан әрі арттыра отыра, эстетикалық тәрбиені қалыптастырып, біліктіліктерін
арттырып, білімге дұрыс жол нұсқай білген дұрыс. Бұл олардың тек дарынын ұштап қана
қоймай, іс - әрекеттерінің жақсы жаққа қарай ойысуына әсер етеді.
Кілтті сөздер
Бейнелеу өнері, эстетика, тәрбие, білім, өнер.
Бейнелеу өнері - өзінің бойына сан түрлі бояуды жиып, оған мән беріп, мағына
сыйлап, тереңінен тылсым сырды шертетін ғажап дүние. Ол адамның ойлау қабілетіне
көмегін тигізіп, жүйке жүйесінің тұрақтылығына, талғам мен танымның артуына негіз
болады. Сол себепті, мектеп оқушыларына аталмыш пәнді жан - жақты меңгерте отыра,
олардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, білімдерін шыңдау аса қажет дүниелердің
бірі.
Әдетте, бояуға, сурет салуға қызықпайтын бала жоқ. Ерте кезден бастап, қоршаған
ортаны енді тани бастаған сәтте олар түстерді ажырату, көлем мен мөлшерді айыру тәрізді
қарапайым элементтерді игеру арқылы, ми жұмысы жетіліп, өсу процесі жүзеге асады.
Сондықтан, бейнелеу сабағының бастапқы кезеңі оқушылардың ерекше ынтамен назар
аударып, ден қойып оқитын пәндерінің біріне айналады. Олар қиялына ерік беріп, кез - келген
дүниені келістіруге тырысады. Әрине, бастауыш сыныптың бас кезеңінде бұл барлық
бүлдіршіннің қолынан жоғары деңгейде көріне қоймауы мүмкін, дегенмен осы тұста оларға
дұрыс бағытқа жөн сілтеп, түстердің үйлесімділігі, бейненің болмысы, эстетика туралы
алғашқы ақпаратты дұрыс жеткізе білген жөн. Айта кетуіміз керек, бұл жерде ұстаздың
ұшқырлығы мен оқушымен жақты тіл табыса алу қасиетінің арқасында, бойдағы жалынды
сөндіріп алмай, керісінше мазданып жануына жағдай жасау арқылы, өздеріне сенімді ұрпақ
қалыптастыра аламыз. Қатты сын - ескертпе баланың бойындағы өзіне деген сенімділігін
төмендетіп, өнерге деген құлшынысын бәсеңдететіні рас. Ал, бұл өз кезегінде оның талғам
туралы тұжырымдамасының сан саққа жүгіріп, өзіндік пікірінің болмауына алып келеді.
Мұндай балалар алдағы уақытта сәнді үйлесімділікті жүзеге асыру барысында қиналатын
болады. Себебі, таңдау еркіндігі жоқ. Өзіне сенімсіз. Сол себепті, педагогтер ең алдымен
оқушылардың бойындағы өзіне тән пікірді тұншықтырмаған абзал. Дегенмен, бұл барлық
дүниеге толықтай келісіп, кемшіліктерге көз жұма қарау дегенді білдірмейді. Бейнелеу
өнерінің аты айтып тұрғандай, бейнелі образға баланы баулу қажет.
Бейнелеу өнерінің бізге дейінгі талай ғасырлар бұрынғы тұнған тарихы бар.
Қазіргідей заманауи технологиялар болмаған кездің өзінде шеберлер өздерінің туа бітті
дарыны мен ерекше қабілетінің арқасында күні бүгінге дейін жеткен құнды жәдігерлерді
ерекше жоғары талғаммен жасаған. Эстетиканың нағыз шынайы үлгісі – сол құнды
1 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Өнер және білім факультеті, Кәсіптік
оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, философия докторы PhD, доцент
м.а.(Қазақстан. Шымкент қ.), E-mail: gold_15k1@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-4358-3923
2 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Өнер және білім факультеті, Кәсіптік
оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы, (Қазақстан. Шымкент қ.), E-mail: gulnur.sattar@bk.ru,
https://orcid.org/0009-0000-6274-8602
99

