Page 309 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 309
бұйымның көрінісі көз деңгейдің қай бөлігінде орналасқанын анықтап алғаннан кейін ғана
суреттің орнығуын бастауымыз керек.
Суреттемелі зат ауалық кеңестікте немесе бөлме кеңестігінде орналасса да,
натурадан карап суретті салар алдында оның көкжиек сызығына қандай қатынаста
орналасқанын анықтау керек.
Перспективада жазықтықтармен шектелген заттардың беттері көбінесе
горизонтальді көрініс береді, олардың негізі барлық бейненің бір түзу сызықта қиылысқан
көрінісін дұрыс анықтай алу үшін кажет.Перспективалық сызықтарды кез-келген
горизонтальді кубтың немесе карниздің қыры бойымен анықтауға болады.Көкжиек сызығы
біздің көзіміз сызылған бейне бойынша (вертикаль бойынша) неғұрлым алыстаса, солғұрлым
үлкен ылди бұрышы пайда болатынын байқаймыз. Көз денгейінде орналасқан горизонтальді
сызық көкжиек сызығымен түйісіп горизонтальді сызықты бейнелейді.
Үйдің шатырына көңіл аударайық. Олар көздің деңгейінен жоғары орналасады, яғни
көкжиек сызығынан биік. Олардың шеттері қашықтаған сайын төмен қарай түседі.
Егер үйдің екінші немесе үшінші қабатынан көше бойымен үйлерге көз салсақ,
астыңғы қабаттағы пәтерлердің терезелері көкжиек сызығынан төмен орналасқаны, және
шеттері алыстау кезінде жоғары қарай бағытталғанын байқаймыз. Көз деңгейіндегі
горизонтальді сызықтар горизонтальді қалыпында қалады. Егер барлығын бір бағытта
отырып созсақ, олар көкжиек сызығының бір нүктесінде қиылысады, шын мәнісінде бұл
нүкте мүлде жоқ. Горизонтальді сызықтардың перспективалық бағытын кітап сөрелеріненде
жақсы байқауға болады.
Қорытынды. Бейнелеу өнеріндегі сызықтарды бақылау және ауа перспективасының
маңызымен танысу дегеніміз тек құрғақ схемаларды салу емес.Бейнелеу өнеріндегі
көркемдік білім беру негіздерінің заңдылықтарын талдай білуі, бейненің ішкі құрылысына
еніп, оны шынайы, сенімді суреттеуіне жол ашады. Көзбен көріп қабылдау ерекшелігі
суреттемеде өзіндік ізін қалдырады, сондықтан дәл сурет сызу сияқты көрінбеуі керек. Сурет
салу кезінде перспективалық құрылыс тек сана арқылы натура негізінде орындалады, ол
перспектива заңдылықтарын жақсы білу заттың кеңістік бейнесін анық елестету керектігін
айғақтайды.
Мақалада ана тілімізде бейнелеу өнерінің теориясындағы сызықтарды бақылау және
ауалық перспективаның маңызы, ерекшелігі туралы білімдер жүйесін меңгеру, өнер
шығармаларын талдау, оларға баға беру, даму бағытын айқындау мен келтірілмеген
талдаулар беріледі. Сурет салудағы сызықтармен, перспективалық шешімдердің кейбір
айтылмай жүрген заңдылықтары ашылады.
Әдебиеттер:
1. Адамқұлов Н.М. (2022) «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» академиялық сурет
салу үрдісінің теориялық – әдістемелік нұсқаулары. – Алматы: «Отан» баспасы.
2. Akbayeva, S. A., & Alina N. Lobanova, Z. S. K. A. A. N. , A. T. T. I. M. Z. (2019).
Thinking in fine arts as a problem of modern and foreign philosophy. Opción, 35(90-
2), 86-104. Recuperado a partir de
https://produccioncientificaluz.org/index.php/opcion/article/view/30558
3. Телжанов Қ.Т. (2006) Альбом.-Алматы: «Өнер».
4. Котов П. Культурный код//Мозаики станции метро «Маяковская». «Сутки
странысоветов»// https://www.liveinternet.ru/users/stewardess0202/post
404527025/
5. Ералин Қ.Е., & Турикпенова С.Ж. (2018) Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі: оқу-
әдістемелік құралы. Екінші басылым-Арқалық,.
6. Гомбрих Эрнст (2019) Өнер тарихы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы.
7. Воздушная перспектива в искусстве/https://https://www.hisour.com/ru/aerial-
perspective-in-art-51697
8. Мейрманова Г.А. (2019) Өнер тарихына кіріспе: оқу құралы.-2-бөлім Алматы:
Қазақ университеті.
9. Элдридж Ричард (2020) Өнер философиясы. Кіріспе. - Алматы: «Ұлттық
аударма бюросы» қоғамдық қоры.
10. Турикпенова С.Ж. (2015) Өнер тарихы мен теориясы: оқу құралы. -Арқалық.
11. Сергиевская Н. (2003) Левитан. – М.: Олма Медиа Групп.
273

