Page 284 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 284

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМЕНЕН
                               ЭКОӨНЕРГЕ ӨТУ САТЫСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

                                                Бекболатова Куралай Маратовна
                                                                              1

                            Аннотация
                            Мақалада  экологиялық  зардаптардың  әсерінен  адам  баласының  қоршаған  ортаға
                     деген  көзқарастарын  өзгерту  болды.  Мәселені  шешу  үшін  ғалымдардың  зерттеу  жүргізіп
                     қана қоймай, оны іске асырудың жолдарын қарастырғаны жайлы сөз етіледі. Экологиялық
                     білім беру мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарын оқулықтар ретінде және адам баласына
                     кішкентайынан  бастап  ЖОО-на  дейінгі  пәндердің  кіріктірілуі  жөнінде  айтылады.  «Эко»
                     түбірдің экологиялық білімнен экоөнерге  дейін  қалай жеткендігі, зерттеуші ғалымдардың
                     еңбектеріне толыққанды зерттеу келтіріледі. Экология ұғымы дизайнмен, өнермен ұштасуы
                     Европадан  бастау  алғанмен  қазақтың  дәстүрінде  сонау  ежелден  қолданыста  болғандығы
                     бүгінгі  күнге  жеткен  жәдігерлерін  негізге  алып,  зерттеуші  ғалымдардың  еңбектеріне
                     сілтеме жасалады.
                            Кілтті сөздер:ЖОО, мектеп, дизайн, экодизайн, экологиялық білім, экология, өнер

                            Кіріспе.
                            Халқымыз  ғасырлар  бойы  туған  жердің  табиғатын  көздің  қарашығындай  сақтап,
                     оның  байлығын  үнемді,  әрі  орынды  жұмсайтын  теңдесі  жоқ  экологиялық  өмір  салтын
                     ұстанып  келді.  Төл  тарихымызға,  бабаларымыздың  өмір  салтына  бір  сәт  үңіліп  көрсек,
                     шынайы  прагматизмнің  талай  жарқын  үлгілерін  табуға  болады.  Ұлттық  код,  ұлттық
                     мәдениет  сақталмаса  ешқандай  жаңғыру  болмайды  деп,  Елбасы  Н.Назарбаевтың  Рухани
                     жаңғыру бағдарламасы мақаласында атап көрсетілді (Мемлекет басшысының мақаласы, 2020).
                     Әр  азаматтың  кәсіби  қызметінде  экологиялық  зардаптардың  салдарынан  табиғи
                     құндылықтарымызды жойып алмау мақсатында тәрбиелі, жан-жақты біліммен қаруланған,
                     өз ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрін, кәсіби ойлау көзқарасы дамыған маман тәрбиелеу
                     маңыздылығына жеке тоқталады.
                            Жоғарыда  айтылғандардың  барлығын  ескере,  қоғам  арасында  экологиялық
                     зардаптардың кесірінен  бүгінгі қоршаған ортаның, экологиялық жағдайдың тым нашарлап
                     кетуі түрткі болды. Қоршаған ортаны қалай сақтап қалу жолын ойластырудың амалын іздей
                     бастады. Адамдарға түсіну, ұғыну үшін не жетпейді? Не қажет? – деген сұрақтар туындай
                     бастады.  Осыған  орай,  ғалымдар  экологиялық  білімнің  қажет  екенін  түсінді.  Қоршаған
                     ортамыздың  нашарлап  кеткенін  әсіресе  биология  мамандарының  ғалымдары  байқап,
                     табиғатымыздың  бірталай  өзгеріске  ұшырағанын  телеарна  арқылы  халық  назарына
                     жеткізуге  тырысты.  Қанша  дабыл  қаққанмен  халыққа  толығымен  санасына  жете
                     қоймағандықтан  көптеген  іс-шаралар  жасай  бастады.  Яғни,  жарнама,  билбордтар  ілініп,
                     дәрістер оқылып және т.б. шаралар жасалды.
                                Мәселені  анықтап,  жас  ұрпаққа  қажетті  экологиялық  білімдерін  кеңейтетін  оқу
                     құралдары  жарық  көре  бастады.  Кейінен  мектеп  табалдырығынан  бастап  жоғары  оқу
                     орындарында экология ұғымды ұғыну мен түсіну мақсатында пәндер кіріктіріле бастады.
                            Негізгі  бөлім.  80-жылдардың  соңында  экологиялық  білім  екі  бағыт  бойынша
                     (жалпы және кәсіби) енгізіле бастады. Бірінші бағыт мектептерде экологиялық мәселелерді
                     зерделеу, биология, химия, география сабақтарында табиғатты сақтау сияқты экологиялық
                     білім беру мен тәрбиелеу тұжырымдамасына қатысты болды. Ал, екінші бағыт экологиялық
                     білім  беруді  қосымша  пәндер  арқылы  енгізуді  көздейді.  Оған  мысал  ретінде,  ЖББ-ін
                     мектептерде  және  кәсіптік  лицейлерде  «Табиғи  ортаны  қорғау»  жаңа  интеграцияланған
                     курсын  қолдана  бастады.  М.С.Павловтің  жұмысында  кәсіптік  білім  беру  мектептерінде
                     экологиялық  білім  берудің  жаңа  тәсілін  бейнелеп,  оның  деңгейлерін  жан-жақты
                     қарастырылады (Павлова М.С. 1995).
                            Ең  алғаш  Ресей  елінде  мектеп  бағдарламасының  биология,  химия  пәндеріне
                     кіріктіре бастап, кейіннен «Табиғаттану» деген пәнді ендірді. Ол тек 5-11 сыныптарда ғана
                     жүргізілді. Аталмыш сыныптарда оқушы мына төмендегі білімдерді қамту керек болды:
                            -  табиғатты  ұтымды  басқарудың  базалық  экологиялық  тұжырымдамалары  мен
                     дағдыларын меңгеру;

                     1   PhD,  қауым.профессор,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  E-mail:  sunkarz@mail.ru,  Orcid:
                     https://orcid.org/0000-0002-6546-9796





                                                           248
   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289