Page 285 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 285

- табиғатты экологиялық жағынан сауатты басқару дағдыларын игеру;
                             - өмірге деген моральдық-құндылықтық қатынас жүйесін меңгеру;
                             - планетамыздың адамның және қоғамның алатын орны мен рөлі туралы хабардар
                     болу.
                            Аталмыш  білімдер  аздық  еткендіктен  ЖОО-да  «Экология  растений»,  «Экология
                     животных», «Экология человека», «Биосфера и человечество» атты пәндерді ендірді. Осы
                     аталған пәндерге арнап оқулықтар жазып шығарған Швец И.М., Добротина Н.А. болды ал
                     «Биологическое  краеведение»  және  «Географическое  краеведение»  деген  пәндердің  оқу
                     әдістемелік  кешеннің  авторлары  Н.В.Кнутова  мен  Е.В.Алексеева  және  т.б.  ЖОО-да
                     экологиялық білім беруде студент мынадай білімдерді қамту керек:
                             - экологияның негіздері бойынша білімін тереңдету;
                            - жаһандық, аймақтық және жергілікті экологиялық проблемаларды талдау;
                            - табиғатты басқарудың жаңа технологияларын талқылау;
                             - студенттердің практикалық қызметі;
                            - оқушылардың жеке зерттеу жұмыстары мен насихаттау жұмыстары;
                             - құндылық-нормативтік білімді дамыту.
                             Сонымен  қатар,  Нижегород  облысының  білім  беру  мекемелерінде  бұл  модельді
                     енгізу  үшін  кафедра  ұжымы  мен  облыс  мұғалімдері  экологиялық  бағыттағы  курстар  мен
                     бірқатар әдістемелік ұсыныстар әзірледі олар:
                            -  «Уроки  здоровья»  (Е.В.Алексеева),  «Уроки  здоровья  и  ОБЖ»  (Е.В.Алексеева,
                     О.С.Гладышева);
                            - «Естествознание и окружающая среда» (А.Ф.Беленов);
                            -  «Химия  и  экология»,  «Биогенные  элементы»,  «Химия  в  сельском  хозяйстве»
                     (Н.В.Горбенко);
                            - Химия пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар «Химия экологиялық
                     бағыттағы элективті курс» (Н.В.Горбенко) және т.б.
                            Экологиялық  тақырыпты  ғалымдар  зерттей  келе,  экологияны  яғни  «Эко»  деген
                     түбірді  барлық  салалар  бойынша  қолдануға  болатынын  түсінді.  Өнер  жолындағылар  Эко
                     мен  дизайн  ұғымдарын  бірге  ұштастырып,  өнерде  түрлі  бағыттар,  техникалар  мен
                     технологиялар пайда бола бастады. Экологиялық дизайн тақырыбына көптеген еңбектерін
                     арнаған Ресейдің педагог-ғалымы М.В. Панкина. Ол М.В. Панкина С.В.Захаровамен бірлесе
                     «Экологиялық дизайн» атты оқу құралы (2011 ж.) және «Феномен экологического дизайна:
                     онтологический анализ» атты монографиясы 2014 жылы жарық көрді.
                            Экологиялық тақырыптарды өнердің түрлі бағыттарымен байланыстырып, зерттеу
                     жұмыстарын  арнаған  Ресейлік  ғалымдар  атап  кететін  болсақ,  олар:    Уваров  А.В.
                     (Экологический дизайн: опыт исследования процессов художественного проектирования),
                     Забалоцкая  З.М.  (Использование  традиций  народной  одежды  якутов  в  экодизайне
                     современного  костюма),  Голованова  Е.Н.  (Формирование  экологической  культуры
                     учащихся  8-11  классов  общеобразовательной  школы  в  ходе  проектно-исследовательской
                     работы),  Глазачева  А.О.  (Формирование  экологической  компетентности  будущих
                     дизайнеров в профессиональной подготовке), Шумская О.Р. (Принципы формообразования
                     жилья на воде: историко) т.б., ал философиялық тұрғыдан дизайнға зерттеу жүргізгендер:
                     Л.А.Ермолина,   А.И.Золотарева,   Т.Ю.Федорова,   А.В.Панкратова,   Н.Н.Мосорова,
                     Т.Л.Макаровалар.  Қазіргі  кезде  әртүрлі  экологиялық  мамандықтар  бойынша  мамандарды
                     дайындау  Ресейдің  170-тен  астам  жоғары  оқу  орындарында  жүзеге  асырылып  жатыр.
                     Көптеген  жоғары  оқу  орындарында  және  педагогикалық  университеттерде  «Экология»
                     мамандығы  бойынша  білім  алуда,  сонымен  қатар  арнайы  курстар  («Экология  және
                     денсаулық»,  «Урбоэкология»,  «Агроэкология»  және  т.б.)  мен  оның  ішінде  гуманитарлық
                     бағыттар бойынша («Тұлғаның экологиялық мәдениеті», «Этноэкология», «Экология және
                     өркениет  мәдениеті»  және  т.б.)  кіріктіріліп  жатыр.  Экологиялық  білім  беруді  мектептегі
                     реформалардың  басым  бағыттары  ретінде  тану  мен  экологияны  негізгі  оқу
                     бағдарламаларына  енгізу  өңірлердегі  экологиялық  білім  беру  мен  білім  беру  жүйесін
                     дамытуға әсер етеді. Бірқатар өңірлерде экология курстарын («Туған жердің экологиясы»,
                     «Экология және денсаулық») дамытуды көздейтін ауданның ерекшеліктерін ескере отырып
                     экологиялық  білім  беру  бағдарламалары  құрылды.  «Экология  және  табиғатты  пайдалану
                     негіздері» атты алғашқы оқулық жарық көрген болатын (Павлова М.С. 1995, 351 б.).
                            Жалпы дизайн ұғымы Еуропа елдерінен  бастау алып, кейіннен бізге ене бастады.
                     Экология  ғылымының  негізгі  мақсаты-биосферадағы  тепе-теңдікті  сақтау,  оның  бұзылу
                     себептерін  болжау  және  алдын  алу.  Бұл  антропогенді  экологиялық  қауіптің  алдын  алуға
                     негіз  болмақ.  Париж  қаласында  1968  жылы  өткен  ЮНЕСКО-ның  Халықаралық





                                                           249
   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289   290