Page 287 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 287
2014, 8 б.). Кез-келген жаңа бұйымның жобалауына кірісу кезінде дизайнер осы бұйымды
қолданатын адамды үнемі ескеруі қажет. Адам туралы ойымен, ол туралы қамқорлығымен,
елестер байлығын, технология білімін және қолдық шеберлігін қолдана отырып, дизайнер
әрқашанда жаңалық, одан да прогрессивті шешім таба алады (Байешов Б.Т., Байешов Б.Б.,
Сейтпахиева А.Т. 2014, 9 б.).Өзекті мысалды айта отырып, экологиялық жағдайдың сын
көтермей тұрғанын әрбір саналы азаматтың түсінетін кезі келді (Ғылыми-педагогикалық
журнал 2008, 52 б.). Экодизайнның пайда болуы қоршаған ортаның бүгінгі қоғам өмірінде
табиғатпен байланыс дағдарысына жауап тапты. Экодизайнның сәулетшіге және дизайнерге
қоятын негізгі талабы: бұйымды қауіпсіз пайдалану, денсаулыққа зиян келтірмеуі, шу,
тербеліс, шығарулар, сәулеленудің аз мөлшері, экологиялық зиянды болдырмау. Міне,
осыдан экодизайнның дамуында мынаталаптар ескерілуі қажет. Олар: материалдардың
шығу тегіне, жобалау, жасау, қолдану және пайдалану кезінде қорларды үнемдеу,қоршаған
ортаны қорғаудан бастап, жануарларға да дұрыс қарым-қатынас жасау, адам құқығын
қорғаумен аяқталады. Экологиялық дизайн мен сәулеттің дамуы біздің әрқайсымызға аса
қажет. Экодизайн - адамға жайлы, әрі ыңғайлы, әрі үйлесімді болатын қоршаған ортаны
қорғауға баса назар аудартатындизайндағы және сәулеттегі ағым. Әдемі және ыңғайлылығы
ғана емес, сонымен қатар жобалау, жасау, қолдану және пайдалану кезінде қолданылатын
материалдардың сипаттамасы (Педагогика сериясы №3, 2015, 169 б.).
Жалпы экодизайн, экоөнер бағыттары біздің халқымыз үшін таныс емес дүние.
Ерте заманнан келе жатқан қолөнер түрлерінің барлығы аталмыш бағыттардың түпкі
бастауы деп айта аламыз. Оған дәлел ретінде табылған жәдігерлер мен көркем білім берудің
дамуы мен қалыптасуына үлесін қосқан ғалым әрі суретші-педаготарымыздың
зерттеулеріне сүйене аламыз. Атап кететін болсақ олар: Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков,
Т.Басенов, Ж.Балкенов, А.Қамақ, Қ.Ералин, Е.Асылханов, Б.Әлмұхамбетовтар.
Қазіргі таңда экодизайн неге танымал деген сұраққа жауабымыз:
Ecodesign - қарапайым, түсінікті әрі үйлесімді. Адам баласы табиғатың бір бөлігі
болғандықтан, оны жеңіл қабылдайды. Сонымен қатар, адам өзін экодизайн ортасында өзін
қауіпсіз сезінеді. Сол себептен экодизайн технологияларынқазіргі таңда барынша
жарнамалап, экодизайн төңірегінде көртеген шаралар ұйымдастырулуда.
Экодизайн технологияларының дәлелі ретінде әлем бойынша өткізіліп жүрген
ЭКСПО-ны айтуға болады. Яғни табиғатқа зиян келтірмейтін «эко» деген түбірді
қолданатын технологияларды көру әлем бойынша куәсі болып келе жатырмыз.
«ЭКСПО» халықаралық көрмесі аясында экологиялық бағыттарда негізделген
жаңаша, қазіргі заман талабына сай қарапайым халыққа қажетті дүниелерді төмендегі
атаулар бойынша түрлі экологиялық таза тауарды көпшілік қауымға,халық назарына
ұсынылды.
EcoConstruction (Эко Құрылыс)
EcoFood (Эко Өнім)
EcoStyle (Эко мода)
EcoBeauty (Эко Сұлулық)
EcoChildhood(Эко балалық шақ)
EcoLife (Эко Өмір)
Осы аталмыш алты бағыттардың өзі экоөнерге деген бетбұрыс деп түсінуге болады.
Жоғарыдағы бағыттарды айта келе, өзіміздің Өнер саламызға бет бұратын болсақ, эко
түбірін бес бағытқа тоқталып, оларды табиғатпен байланыстыра түрлі идеялармен
толықтырып отыруды мақаламызда жөн көрдік. Олар:
1. Өндірістік дизайн (қолданбалы қолөнер, мүсін, киім, зергерлік өнер)
2. Арт-дизайн (мүсін, живопись)
3. Сәулет (архитектуралық дизайн, архитектура)
4. Ландшафты дизайн (бау-бақша өнері)
5. Графикалық дизайн (живопись, графика)
Қорыта келе, экологияның бұзылу зардабынан адам баласы жағдайдың терең екенін
түсіне келе, мәселеге бейжәй қарамай зерттеулер жүргізу арқылы бүгінгі таңда, көптеген іс-
шаралар ұйымдастырылып келе жатқанын байқауға болады. Соның дәлелі ретінде өнер
салалары бойынша ұйымдастырылып жатқан көрмелер, сән көрсетілімдері, симпозиумдар
мен конференциялар және т.б. Қай сала болсада қоғам экологиялық білімі болған жағдайда
ғана табиғаттан жаралғанын, табиғатпен етене жүргенін оны қастерлеп ұғынуына үлкен
септігін тигізеді. Сондықтан қай білім саласында жүрсек те, жас ұрпаққа негізін қалап,
түсінік беру білім беру саласындағы ұстаздардың қолында деп білемін.
251

