Page 286 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 286

конференциясында «Адам және биосфера» атты бағдарлама мақұлданды. Онда, алғаш рет
                     әлемдік деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама
                     жасалынды.  1971  жылы  Швейцарияда,  1972  жылы  Стокгольмде  «Табиғатты  қорғау»,
                     «Қоршаған  ортаны  қорғау»  мәселелері  және  бұл  бағытта  білім  беру  туралы  шешімдер
                     қабылданды.  1992  жылы  Рио-де-Жанейрода  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  190  мемлекеттің
                     жоғары  басшыларының  басын  қосып  конференция  өткізіп  онда,  «XXI-ғасырдың  күн
                     тәртібі»  экологиялық  бағдарламасы  қабылданды.  Бұл  конференцияда,  экономикалық
                     дамудың  қоршаған  ортаны  сақтау  тұрғысындағы  бағыттары  жан-жақты  көрсетілді.  1972-
                     1973  оқу  жылдарынан  бастап  «Қоршаған  ортаны  қорғау»  пәні  оқу  жоспарына  енгізіліп,
                     көптеген жоғары оқу орындарында оқытыла бастады (Сихынбаева Ж.С. 2009, 11 б.).
                            Дизайнерлік  білім  беру  мәселелері  Батыс  мемлекеттерінде  табысты  шешімін
                     табуда. Бұл тұрғыда Ұлыбритания мектептерінің тәжірибесі аса қызығушылық туындатады,
                     олардың бағдарламасы дизайнды (жобалық мәдениет) ескере отырып жасаған. Бұл салада
                     зерттеумен А. Ронольд, Дж. К.-Джонс және т.б. айналысқан. Олардың бағдарламаларының
                     басты идеясы - дизайнды жалпы білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруды
                     ұсынады.  Ғалымдардың  пайымдауынша,  дизайн  қоршаған  ортаны  танып  –  білудегі
                     функциональдық әдістерді қарастырады (Килыбаева Г.К. 2010).
                            Салыстыра  айтсақ,  табиғат  шығыс  халықтарында  ежелден-ақ  нағыз  эстетикалық
                     қызмет  атқарды.  Мысалы,  түркі  тектес  халықтар  мәдениетінің  негізі  сахарада,  Ұлы  дала
                     кеңістігінде, көк пен жердің аралығында, дала дабылының өтінде қаланды. Сондықтан да,
                     қазақ  мәдениеті  әркез  табиғатпен  етене,  егіз  болған  деуге  негіз  болды.  Түріктердің
                     түсінігінде  табиғат  –  адамзаттың  анасы,  ал  ананы  сүймеу  мүмкін  емес.  Мәселен,  қазақ
                     халқының  тәлімгерлік  тәжірибесі,  ондағы  экологиялық  тәрбие  беру  бағыттары
                     (халқымыздың  табиғатқа  оң  көзқарасын  танытатын  ырымдар  мен  тыйымдардың  өзі  не
                     тұрады!)  ертеден-ақ  қанымызға  сіңіп,  дәстүрге  айналған  мәдениет  еді.  Көшпелі  және
                     жартылай  көшпелі  қазақтар  мәдениетінің  тіні  шексіз  ең  даланың  тау-тастарынан,  өзен-
                     көлдерінен, аң-құстарынан, жан-жануарларынан ешқашан бөлінбеген. Табиғаттан үйреніп,
                     оны бірде өзіне ана, аруақ, тәңір, ұстанар үлгі етсе, енді бірде перзентіндей әлдилеп аялаған,
                     құрметін  аямаған    (Педагогика  сериясы  №3,  2015,  37  б.).  Бұл  құбылыстардың  өзегінде
                     батыстағыдай  табиғатқа  салқындық  емес,  керісінше,  елжірей  қарау,  еліктеу,  сүйсіну
                     сезімдері  жатыр.  Адамның  махаббат  сезімін  оятқан  табиғат  түркі  тілдес  халықтарда
                     эстетикалық  қызмет  атқармаған  деп  қалай  айтарсың.  Қазақ  халқында  ата-аналардың
                     баласын  “ботақаным”,  “қошақаным”,  “қоңыр  қозым”  т.б.  деп  емірене  елжіреуі,  Ботакөз,
                     Ақбота, Бағлан, Ақтоты деп ат қоюы да перзент сүюдегі, аналық махаббаттағы табиғатпен
                     байланыстылықтың,  көркем-эстетикалық  сезімнің  бір  көрінісі.  Алайда,  қазақ  мәдениетін
                     жасаған табиғат қана деген жаңсақ пікірде болмауымыз керек. Қайсыбір дәуірлердің мәдени
                     үрдістері адамның қатысуынсыз, маңдай терінсіз болған емес (Педагогика сериясы №3, 2015,
                     38 б.).
                            Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер шеберлігін мал бағып, егін
                     салып,  аң  аулау  кәсібінен  артық  санамаса,  кем  санамаған.  Қазақ  шаруасының  қолөнері
                     өзінің  күнделікті  өмір  тіршілігімен,  тұтыну  қажетімен  тығыз  ұштастырып  жатады.  Оның
                     ішер  асы  да,  киер  киімі  де,  баспанасы  да  малдың  өнімімен  байланысты  болғандықтан,
                     қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып,
                     үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар,
                     әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған. Ал, тері, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді
                     еркектер атқарған. Тері өңдеп, былғарыдан алуан түрлі аяқ киім (етік, мәсі, кебіс, шоқай,
                     шәрке) тігетін етікшілік, қайыстан жүген, тарпа, өмілдірік, құйысқан, қамшы, шідер секілді
                     әбзел істейтін, өрімшілік үлкен өнер болып есептелген. Сол сияқты ағаштан ашамай, арба,
                     шана жасайтын балташыларды, темірден құрал-сайман, еңбек құралдарын немесе әшекейлі
                     зергерлік  бұйымдарды  жасаушы  ұсталарды  халық  жоғары  бағалаған,  ерекше  қастерлеген
                     (Что такое исусства? 1973, 10 б.).
                            Жоғарыда  айтылғандай  «эко»  деген  түбірді  барлық  салаларда  қолданыс  ала
                     алатынын  айтып  кеткен  болатынбыз.  Қазіргі  әлемде  «дизайн»  ұғымының  даму  және
                     зерттелу жағдайы қоршаған ортамен байланысы жиі тоғысып келеді. Бүгінде біз қоршаған
                     орта  объектілеріне  тигізетін  әсері  жайлы,  оған  қатысты  мәселелерді,  түрлі  жобаларды
                     дизайн  обьектісі  ретінде  көреміз.  Көп  жағдайда,  заттардың  атаулары  «эко»  сөзімен
                     байланыстыру негізінде «экологиялық» сипатқа ие. Нарықтық сұранысты қанағаттандыруға
                     қабілетті  өнімдердің  өндірілуін  кең  ауқымды  шарттарда  өндіру  үшін  жоба  құру  қажет.
                     Жобалау  (бұл  ұғым  XX  ғ.  3-тен  бір  жартысына  дейін  қолданылған)  –  бұл  өнімнің  өзінің
                     өндірілуін  23  алдын-алатын  және  оны  таңбалау  түрінде  (  сызбалар,  макеттер,  модельдер
                     және т.с.с.) модельдейтін ерекше бір  процесс   (Байешов Б.Т.,  Байешов  Б.Б.,  Сейтпахиева  А.Т.




                                                           250
   281   282   283   284   285   286   287   288   289   290   291