Page 554 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 554
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПОЗИТОРЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ФОРТЕПИАНО МУЗЫКАСЫ
1
Акпарова Г.Т.
Кіріспе
Балаларға арналған фортепиано музыкасы Қазақстанның музыкалық мәдениеті мен
педагогикасындағы жетекші орындардың бірін алады. Арнайы балаларға жазылған
шығармалардың арқасында баланың шығармашылық бағытта ойлауын қалыптастыру мүмкін
болады. Ертегі мен қиялдың, балалық әсерлер мен бейнелердің музыкалық әлеміне шому жас
музыкантқа әлемді тануға мүмкіндік береді. Композитор өз шығармалары арқылы баланы
өзінің және жалпы адамзаттық идеалдарымен таныстырады, әдемілік пен ғажайыпты тануға
көмектеседі.
Бұл мақала ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы балаларға
арналған отандық фортепиано музыкасы жайлы баяндауға арналған. Бұл кезең балалар
музыкасының өміршеңдігін және оны зерттеудің өзектілігін анықтайтын көптеген
тенденциялармен сипатталады.
Балаларға арналған музыка балалардың тыңдауына немесе орындауына арналғаны
бәріне анық. Аға буын және қазіргі заман композиторлары музыкалық шығармашылықтың
осы саласына жиі жүгінетін. Олар балаларға арналған жеке пьесалар, сондай-ақ балалар
альбомдары, жинақтар, циклдер шығарды.
Қазіргі заман қазақстандық композиторлары балалар музыкасының дамуына өз
үлестерін қосты. Өз шығармаларында олар көркемдік байлығы мен мәнерлілігімен,
тақырыптық кеңдігімен, адамгершілік жанрларының алуан түрлілігімен, балалардың
қабылдауы үшін қолжетімді тілдің әсемдігімен сипатталатын қазақ фольклорына сүйенді.
Осы мақаланың мақсаты Қазақстан композиторларының фортепиано
музыкасында балалар тақырыбын дамыту картинасын ұсыну болып табылады. Зерттеу
әдістері. Жұмыста музыкалық шығарманы талдау әдістері, сондай-ақ тарихи және
салыстырмалы әдістер қолданылады.
Материалдар
Аспаптық миниатюралар жанрында Қазақстандағы камералық-аспаптық
шығармашылықтың саны жағынан елеулі қабатын құрайтын «балаларға арналған пьесалар»
деген бағыт пайда болды. Балаларға арналған музыка негізінен миниатюралық циклдар
түрінде ұсынылған.
Қазақ музыкалық мәдениеті үшін толықтай жаңа жанр – балаларға арналған
фортепиано музыкасының пайда болуының бастауында белгілі композитор, фольклорист,
алғашқы қазақстандық «Балалар альбомының» авторы А. Затаевич болды.
Балаларға арналған миниатюралар шығару қажеттілігі Алматыда алғашқы
музыкалық техникумның (1932 жыл), балалар музыкалық мектебінің (1934 жыл)
ұйымдастырылуына, сондай-ақ республика бойынша БММ желісі мен музыкалық
техникумдардың одан әрі пайда болуына байланысты туындады. Е. Брусиловскийдің
полифониялық балалар пьесаларының циклі қызығушылық тудырады, ал 1952 жылы
«Балаларға арналған 15 фортепиано пьесасы» атты екінші жинақ пайда болады. Кейінірек
«Он инвенция» деген атауға ие болған полифониялық құрылымдағы екі дауысты он пьесада
Е. Брусиловский пьесаларының педагогикалық мақсаты ерекше сезіледі. Олардағы
полифониялық әдістер жеңілдетілген текстурада берілген, ал әуезді материал қазақ халық
музыкасына жақын.
Көптеген жылдар ішінде балаларға арналған музыка жазуға Б. Ерзакович, Қ.
Қожамияров, А. Жұбанов, Н. Меңдіғалиев бірнеше рет жүгінген.
1966 жылы композитор Н. Меңдіғалиевтің «Он екі фортепиано пьесасы» жинағы
жарық көрді. Пьесаларда композитор ұлттық фольклор материалын пайдаланды. Мысалы,
бұл жерде автор ұлттық колоритті қайта жаңғыртқан «Серуен», «Екі прелюдия» сияқты
шығармаларды атауға болады. Бұл жинақтың он миниатюрасының бағдарламалық атаулары
бар: олар формасы жағынан қарапайым, бірақ вариация элементтерін қамтиды. Бұл бастауыш
сынып оқушыларымен жұмысты жасаған кезде пьесаның мазмұнын ашуды жеңілдетеді,
олардан интонациялық өзгерістерге және интонациялардың өзгеруіне көп көңіл бөлуді талап
етеді. Пьесалардың көпшілігі бүгінде музыкалық мектептердің педагогикалық репертуарына
1 өнертану кандидаты Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры
518

