Page 557 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 557

«Токкатта»  ноталардың  сегіздік  ұзақтығының  жылдам  екпінімен  пульсациясы
                     домбыра күйлерінің ырғағына ұқсайды, ол фортепиано фактурасының жоғарғы регистрінде
                     кульминацияда  өте  қарқынды  дыбысталады.  Композитор  аккордтардың  диссонантты
                     дыбысталуын, хроматизмдер, glissando сияқты заманауи жазу құралдарын қолданады».
                            Үшінші  бөлімде негізгі тақырып дәл  сондай хроматикалық токката қозғалысында
                     дыбысталады:


















                            Ғ.  Жұбанованың  "«Балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  он  екі  пьеса»  циклі
                     Қазақстанның  балалар  фортепиано  музыкасының  жарқын  үлгілерінің  бірі.  Пьесалар  жас
                     музыканттарға  арналып  жазылған  және  оларды  балалар  музыкалық  мектептерінің
                     оқушылары  мен  музыкалық  колледж  студенттері  орындай  алады.  «Осы  цикл
                     орындаушысының басты – музыканың мәнін, оның мінезін, көңіл-күйін, жанрлық негізі мен
                     поэтикалық руханиятын ашу».
                            Пьесалар  жас  орындаушылардың  жарқын  жеке  ерекшеліктерін  және  Қазақстан
                     музыкасының  ұлттық  ерекшелігін  көрсетуге  көмектеседі.  Олар  балалар  музыкалық
                     мектептерінің  репертуарына  мықтап  енді,  мысалы,  1993  жылы  алғаш  рет  өткізілген
                     А. Жұбанов атындағы байқау сияқты фестивальдар мен байқауларда орындалды» [Kamzina,
                     2015], Astana Piano Passion.

                            Қорытынды
                            Қазақстандағы фортепианолық балалар музыкасының дәстүрлері ХХ ғасырдың 30-
                     жылдарында  қалыптасқан,  әсіресе  ғасырдың  екінші  жартысы  дамуының  белсенділігімен
                     ерекшеленеді. Дәл осы кезеңде ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы музыкалық
                     мәдениетте одан әрі дамыған балалар бейнелерінің негізгі принциптері, түрлері мен типтері
                     қалыптасады.
                            Балаларға арналған қазақстандық композиторлардың музыкасында бейнелердің бай
                     әлемі  бейнеленген.  Ол  әуезділікпен,  байлықпен,  тілдің  заманауилығымен,  көркемдігімен,
                     қарапайымдылығымен,  қазақ  дәстүрлі  музыкасының  интонацияларына  жақындығымен
                     сипатталады.
                            Осылайша,  қазіргі  заман  музыкалық  өнеріндегі  балалар  тақырыбы  мәдениеттің
                     тәуелсіз және көп қырлы саласына айналды.

                            Әдебиеттер тізімі:
                           1.  Мамбетова Д. Творческое наследие Г.Жубановой – детям. Двенадцать пьес для
                               детей  и  юношества  «Мир  мой  музыка»    /  Д.Мамбетова  //Газизе  Жубановой
                               посвящается (сборник статей). Выпуск 1. Астана, 2015. – С.6-13





                                                           521
   552   553   554   555   556   557   558   559   560   561   562