Page 556 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 556

Ғ. Жұбанова күйге тән регистрлік-кеңістіктік салыстыруларды пайдаланады. Бірінші
                     октавада  дыбысталатын  фрагменттен  кейін  екінші  октаваға  көшу  күйдің  «саға»  бөліміне
                     сәйкес ұқсас жасалады:















                            Әрі қарай, материалды «орта буында» қайталау кезінде домбырада орындаушылыққа
                     тән әдістері қолданылады.
                            Қазақ  ұлттық  өнер  университетінің  жетекші  оқытушысы  Дина  Мәмбетованың
                     айтуынша: ««Күй» – халық аспаптық жанрының дәстүрлерін тамаша іске асыратын пьеса,
                     бірақ  композитор  мұны  жарқын  әрі  қайталанбас  етіп  жасайды.  Бұл  домбыра  күйінің
                     фортепианоға жай ғана өңдеу емес, алайда өзіне тән белгілері жүзеге асырылған домбыра
                     мазмұны бар фортепиано музыкасы. Өзінің ұлттық мәні бойынша жарқын, шапшаң, мәнерлі
                     би,  техникалық  және  ырғақтық  жағынан  өте  күрделі,  өтпелі  динамикалық  дамуы  бар  үш
                     бөлімнен  тұратын  формада  жазылған,  балалар  репертуарында  жиі  орындалатын
                     шығармалардың бірі болып табылады» (Mambetova,  2015).
                            Ғ.  Жұбанованың  «Балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  он  екі  пьеса»  циклінен
                     «Токката»  пьесасы  жігерлі  токкаталық-күй  сипатында  жазылған.  В.  Шапилов  пен
                     Н. Гарбунованың айтуынша, «пьесада фольклорлық және заманауи дамудың негізгі стильдік
                     желілерін жалпылау және синтездеу бар»  (Shapilov, Garbunova, 2014).
                            Шығарма  үш  бөлімнен  тұрады.  Негізгі  тақырып  жылдам  екпіндегі  «үздіксіз
                     хроматикалық токкаталық қозғалысқа» негізделген (Shapilov, Garbunova, 2014):


















                            Ортаңғы  бөлімі  белсенді  даму  динамикасымен  ерекшеленеді.  Бөлімде  домбыра
                     әуеніне еліктеу көрсетілген:













                                                           520
   551   552   553   554   555   556   557   558   559   560   561