Page 555 - Milletlerarası Sempozyum Bildiri Kitabı
P. 555

кіреді.  Қ. Кужамьяровтың  «Төрт  пьеса»,  В. Новиковтың  «Игрушки»,  А.  Исакованың
                     «Школьные годы», «Оркестровые голоса»»; Ж. Дастеновтың «Листопад» және «Үш пьеса»;
                     О. Несипхановтың  «Эстампы»;  Т. Мұхамеджановтың  «Эскиздер»;  С. Кибированың
                     «Детский альбом»; К. Дүйсекеев, Б. Қыдырбек, Б. Аманжолов және басқалардың пьесалары
                     белгілі.
                            1970-80 жылдардағы композиторлардың шығармалары балалардың педагогикалық
                     репертуарын  ұлттық  интонацияға  толы  сонатина,  вариация,  мазурка,  вальс,  марш
                     жанрындағы шығармалармен байытты.
                            Қазақстандық композиторлардың балаларға арналған шығармалар ауқымы өте кең
                     екенін айта кету керек: олар балалар ойындары мен сабақтарымен байланысты. Мұнда келесі
                     шығармаларды атауға болады: Б. Дальденбаев «Игра в лошадки»; Б. Қыдырбек «Догони»,
                     «Деревянная  лошадка»,  «Считалка»;  Т. Мухамеджанов  «Карусели»;  Ж. Дастенов  «На
                     автодроме»; А. Исакова «Зимние забавы», «На переменку».
                            Соңғы онжылдықтарда Қазақстанда балаларға арналған отандық композиторлардың
                     бірнеше  жинақтары  жарық  көрді:  «Фортепианолық  пьесалар  альбомы»  құрастырушы  А.
                     Байсақалова (2009 ж.); А. Мұхитованың қырықтан астам шығарма (қазақ халық әндері, Абай,
                     Біржан,  Жаяу  Мұса,  Мұхит  әндері,  Құрманғазы,  Сейтек  күйлері,  Ғ.  Жұбанова,  Е.
                     Брусиловский,  И.  Дубовский  пьесалары)  қамтитын  «Фортепианолық  алфавит»  (2010  ж.);
                     «Қазіргі  заман  Қазақстан  композиторларының  фортепианоға  арналған  он  жеті  пьесасы»,
                     құрастырушы А. Абдуллаева (2011ж.), «Балбырауын» құрастырушысы А. Нұрбаева (2011ж.).
                            Балаларға  арналған  фортепиано  музыкасының  дамуына  композитор  Кеңес
                     Дүйсекеев  белгілі  үлес  қосты.  Оның  «Балалық  шақ»  балалар  фортепианолық  циклі  мен
                     «Керуен»,  «Жайлауда»,  «Толғау»,  «Би»,  Ноктюрн, Токката  миниатюралары ерекше  назар
                     аударуға лайық. Көптеген шығармалар консерваторияда оқып жүрген жылдары жазылған, ал
                     алғашқы орындаушы әйгілі пианист Ева Коган және оның шәкірттері болған.
                            Қазақстан  композиторларының  музыкасына  үлкен  қызығушылықтық  таныту  жас
                     орындаушылардың  «Астана-Мерей»  халықаралық  конкурсын,  А.  Жұбанов  атындағы
                     халықаралық  конкурс-фестивалін,  «Piano  forum  Kazakhstan»  халықаралық  конкурсын,
                     А. Исаковаға  арналған  халықаралық  пианистер  конкурсын,  П. Чайковский  атындағы  X
                     халықаралық  жасөспірімдер  конкурсын,    «D-competition»  халықаралық  конкурсын,
                     Ғ. Жұбанова атындағы халықаралық пианистер конкурсын өткізу ықпал етті. 2013 жылдан
                     бастап  жартылай  финалдың  жеке  бағдарламасы  аясында  Қазақстан  композиторының
                     шығармасын міндетті түрде орындауды көздейтін Аstana Рiano Рassion беделді жас пианистер
                     байқауы үлкен табыспен өтуде.
                            Балалар  фортепиано  музыкасы  қазақстандық  композитор  Ғазиза  Жұбанованың
                     шығармашылығында  маңызды  орын  алды.  Оның  балаларға  арналған  музыкасы  әртүрлі
                     көңіл-күйлердің,  табиғаттың  бейнелерінің,  халық  өмірі  суреттерінің,  балалар  өмірінің
                     түрлілігімен  қызықты.  Ұлттық  музыкалық-стилистикалық  дәстүрлерді  жүзеге  асырудың
                     негізінде оның шығармалары Қазақстанның музыкалық мәдениетінде үлкен орын ала алды.
                     Осы  ретте  Ғазиза  Жұбанованың  «Балалар  мен  жасөспірімдерге  арналған  он  екі  пьеса»
                     фортепианолық циклынан «Күйін»  мысал ретінде алуға болады. Пьеса формасы бойынша
                     төкпе дәстүріндегі регистрлік дамуы бар күй болып табылады. Композитор күй формасына
                     тән белгілерді, оның кезеңдерін – бас буын – орта буын – сағаны жүзеге асырады.
                            Ғ.  Жұбанова  домбыра  күйлерінің  халық  дәстүрін  нақты  ұстанады:  дыбыстары
                     вертикаль бойынша квинталық үндестікті құрайтын тақырып кіші октавада өткізіледі – бас
                     буын:







                            Пьесаның  ортаңғы  бөлімі  күйдің  бөлімі  –  орта  буын  ретінде  қабылданады,  оның
                     ерекшелігі  жоғарғы  регистрде  дыбысталатын  барлық  музыкалық  материалдың  дамуында
                     көрінетін нұсқалық болып табылады:












                                                           519
   550   551   552   553   554   555   556   557   558   559   560